№4 әлеуметтік орталықтың жұмыскерлерімен кездесу өтті

№4 әлеуметтік орталықтың жұмыскерлерімен кездесу өтті

01.09.2025 Off By Администрация сайта

«Қалың қалай, бастауыш ұйым» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы – Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№4 арнаулы қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кәсіподақ мүшелерімен кездесу өтті.
Кездесуге «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов қатысып, мекеменің басшысы Ақмара Досбаева және кәсіподақ төрайымы Гауһар Садықовамен бірге жұмыскерлердің қал-жағдайларымен танысты.
Кездесу барысында еңбек қатынастары және техника қауіпсіздігі мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіа, кәсіподақтар қызметінің 2025-2030 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру жоспарынан хабардар етті.
Жиын қорытындысында жұмыскерлерді Қазақстан Конституциясына 30 жыл толу мерекесімен құттықтап, 9 кәсіподақ мүшесін марапаттап, оның ішінде: 3 адамға «Еңбек озаты» төсбелгілерін, 3 адамға «Құрмет грамоталарын», 3 адамға «Алғыс хаттар» табысталды.
Жиын соңы Филармония әртістерінің дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты.