Шымкенттің белсенді кәсіподақ мүшелері марапатталды
13.10.2025Шымкент қаласының «Көрме орталығында» өткен «10 қазан – Кәсіподақтар күні» салтанатты іс-шарасында» «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының белсенді кәсіподақ мүшелеріне бірнеше органдар мен ұйымдардың түрлі наградалары тапсырылды.
Атап айтқанда:
Шымкент қаласы әкімінің «Алғыс хатымен»:
- Маниева Гаухар Мұхтарқызы – Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімі аппаратының «Қаратау» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімшілік бөлімінің бөлім басшысы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы;
Шымкент қалалық маслихатының «Алғыс хатымен»: - Бейсен Мұхтар Ибатбекұлы – Шымкент қаласының Абай ауданы әкімі аппаратының «Абай» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қойма меңгерушісі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы;
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Қазақстан кәсіподақтар қозғалысына сіңірген еңбегі үшін» медалімен: - Қарабаев Жарқын Құрманбекұлы – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы өндірістік емес төлемдер бөлімінің бас маманы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы;
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Құрмет Грамотасымен»: - Абуова Клара Жакыпбекқызы – Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кадр инспекторы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы;
- Абдинуров Малик Куттымбетович – Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшы орынбасары;
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Алғыс хатымен»: - Шабиддинов Мирзахан Шерханович – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы құқықтық және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бөлім басшысы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы марапатталды.




