«EnbekCup2025» облыстық волейбол  турнирі өтті

«EnbekCup2025» облыстық волейбол турнирі өтті

20.10.2025 Off By Администрация сайта

Әлеуметтік қызметкерлер күні қарсаңында Еңбек мобильді орталықтарының арасында «EnbekCup2025» волейболдан облыстық спартакиада болып өтті.
Спорттық шараның басты мақсаты- әлеуметтік сала мамандарының салауатты өмір суру салтын насихаттау , ұжымдық рух пен ынтымақтастықты нығайту , сондай – ақ қызметкерлердің белсенді өмірлік ұстанымын қолдау болды.

Жарысқа облыстың қала және аудан Мансап орталықтарынан құралған 12 команда қатысып , өзара тартысты ойын көрсетті. Әрбір команда жоғары деңгейде өнер көрсетіп, ұйымшылдық пен шеберліктің үлгісін танытты.
Жарыс қорытындысы бойынша:
🥇 1-орын – Байғанин ауданының Мансап орталығы командасы,
🥈 2-орын – Ырғыз ауданының Мансап орталығы командасы,
🥉 3-орын – Темір ауданының Мансап орталығы командасы иеленді.

Жеңімпаздар кубоктармен, медальдармен , алғыс хаттармен марапатталып , «Қызмет» салалық кәсіподағы атынан бағалы сертификаттарға ие болды. Шара әлеуметтік сала қызметкерлері арасында достық пен спорт рухын дәріптеген жарқын басқосу болды.