«Қызмет» Салалық кәсіподағының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы «Таза кәсіпорын – таза Қазақстан» экологиялық акциясын ұйымдастырды
29.09.2025Осы жылдың 27 қыркүйегінде Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығы мен ҚР Кәсіподақтар федерациясының 35 жылдығына орай өткізілген іс-шаралар аясында «Қызмет» салалық кәсіподағының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы «Таза кәсіпорын – таза Қазақстан» атты еңбек десантын ұйымдастырды.

Акция өңірдегі түрлі ұйымдардың кәсіподақ мүшелерін біріктірді. Қатысушылар Кәсіподақ қозғалысы ардагерлер аллеясының аумағын ретке келтіріп,абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Бұл бастама кәсіподақтар арасындағы ынтымақтың, еңбекке деген құрметтің және қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға бағытталған азаматтық белсенділіктің жарқын үлгісіне айналды.




