«Ынтымақ жүгірісі – Болашаққа бірге жүгірейік»!
29.09.202527 қыркүйекте Көкшетауда Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығына және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының 35 жылдығына арналған «Ынтымақ жүгірісі – Болашаққа бірге жүгірейік» өтті.
Жүгіріс сызығына еңбеккерлер, студенттер және ардагерлер – әртүрлі кәсіп пен буын өкілдері қатар шықты. Бұл шара салауатты өмір салтын, өзара қолдауды және ынтымақ құндылықтарын дәріптеуді көздеді.

70 қатысушының әрқайсысы жеңімпаз атанды – денсаулығын нығайтып, қуаттанып, бір-біріне жақсы көңіл-күй сыйлады. Жүгіріс соңында барлығына ортақ жетістіктің нышаны ретінде медальдар мен алғыс хаттар табысталды, ал достық әңгімеге толы жылы жүздесу шараның лайықты қорытындысына айналды.

