«Қызмет» салалық кәсіподағының Атқару комитеті кәсіподақ қызметінің өзекті мәселелерін талқылады

«Қызмет» салалық кәсіподағының Атқару комитеті кәсіподақ қызметінің өзекті мәселелерін талқылады

24.09.2025 Off By Администрация сайта

2025 жылғы 24 қыркүйекте онлайн форматта «Қызмет» салалық кәсіподағы Атқару комитетінің отырысы өтті.

Отырыста ұйымның дамуы, алдағы маңызды іс-шараларға дайындық, сондай-ақ кәсіподақтың ішкі қызметіне қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралды.

Күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілді: Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығын атап өтуге дайындық.

Салалық кәсіподақтың төрағасы Мирболат Жақыпов мерейтойға орай өткізілетін іс-шаралардың маңыздылығына тағы бір мәрте назар аударып, мерекені лайықты деңгейде өткізу үшін барлық құрылымдық бөлімшелердің күш-жігерін біріктіру қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар Атқару комитетінің отырысында келесі мәселелер қаралды: «Филиалдар мен бастауыш кәсіподақ ұйымдары туралы Ереже», ««Қызмет» салалық кәсіподағының Орталық Кеңесінің отырысын шақыру туралы», «Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясы Бас кеңесінің мүшелігіне кандидатура туралы» және басқа да мәселелер.

Бұдан бөлек, кәсіподақтың ақпараттық сүйемелденуі мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен өзара іс-қимылға қатысты ағымдағы ұйымдастырушылық және жұмыс мәселелері талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, оларды жүзеге асыру ұйым Жарғысына және белгіленген мерзімдерге сәйкес қамтамасыз етілетін болады.