Маңызды да межелі мәселелер талқыланды
05.09.2025Алматы қаласы бойынша «Қызмет» салалық кәсіподағы филиалы «Көктем» шипажайының конференц залында Атқару комитетінің отырысын өткізді. “Қызмет” салалық кәсіподағының 2025-2030 жылдарға арналған Бағдарламаның негізгі бағыттары мен жаңа кәсіподақ идеологиясын ілгерлету мәселелері талқыланды.


Алқалы жиында Қазақстан кәсіподағының 120 жылдығын атап өту шаралары, кәсіподақ активінің құқықтық мәдениетін қалыптастыру, кәсіподақ мүшелерін қолдаудың жаңа тәсілдері ортаға салынды. Сондай ақ, “Мектепке жол” акциясының қорытындылары мен күз айларының жұмыс жоспарлары талқыланды.
Жаңа форматта өткен жиын бастауыш ұйым төрағаларына жаңа серпіліс берері анық.


