Атақозы Нұрланов «Ардагерлер қоғамына қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды
08.09.2025Бүгін «Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлерінің қазақстандық ұйымы» қоғамдық бірлестігі атынан төраға орынбасары, полковник Александр Владимирович Парпура Атақозы Келденұлы Нұрлановты «Ардагерлер қоғамына қосқан үлесі үшін» медалімен марапаттады.
Атакозы Нұрланов 20 жылын Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары мен Ұлттық Ұлан қызметіне арнады. Қызмет барысында ол әскери қызметшілермен тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстармен айналысты, әскери қызметшілерді әлеуметтік қорғауды дамытуға айтарлықтай үлес қосты.
Атакоза Нұрлановтың Парламент Мәжілісінің әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек құқықтарын және зейнетақымен қамсыздандыруды қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық пакетке өзгерістер әзірлеу және енгізу жөніндегі жұмыс тобының құрамына қатысуын ерекше атап өткен жөн.

Марапатты табыстау барысында Александр Парпура Атақозы Нұрлановқа ардагерлер ұйымының жұмысына белсенді қатысып, тұрақты қолдау көрсетіп жүргені үшін алғыс білдірді.
Салтанатты шара барысында «Қызмет» салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Жақыпов құттықтап, оның бұрынғы еңбек тәжірибесі бүгінде кәсіподақ жұмысында тиімді қолданылып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, ол «Қызмет» кәсіподағы үшін мүшелерінің әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғау басты басымдық екенін айтты.

Кездесу барысында ардагерлер ұйымы мен кәсіподақ бірлестігі арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

