Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған кездесу
29.08.2025Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету ұйымдары қызметкерлерінің салалық кәсіподағы астаналық филиалы төрағасының орынбасары Алимa Бекназарова Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» ШЖҚ РМК алғашқы кәсіподақ ұйымына барып, ұжыммен кездесті.

Құттықтау сөзінде Алима Бекназарова Конституция күнінің ел үшін маңызын атап өтіп, бұл мерекенің мемлекетіміздің басты құндылықтарын айқындайтын маңызды күн екенін ерекше атап өтті.
«Конституция — бұл тәуелсіздігіміздің негізі, азаматтық бірлігіміздің кепілі, бейбітшілік пен тұрақтылықтың берік іргетасы. Бұл мереке — демократиялық дамудың берік тірегі мен құқықтық мемлекет құрудағы басымдықтарды айқындайтын күн», — деді А. Бекназарова.
Кездесу барысында «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» ШЖҚ РМК алғашқы кәсіподақ ұйымының жаңадан сайланған төрағасы Аубакиров Талғат Багдатұлын салтанатты түрде құттықтады.
Алима Бекназарова жиналғандарға мықты денсаулық, отбасылық амандық, кәсіби табыс тілеп, елдің одан әрі гүлденуіне сенім білдірді. Сонымен қатар, кәсіподақ қозғалысына көрсеткен қолдауы үшін ұжым мен басшылыққа алғысын білдірді.

Адал еңбегі, кәсіби жетістіктері және кәсіподақ қызметіндегі белсенділігі үшін бірқатар кәсіподақ мүшелеріне «Қызмет» салалық кәсіподағының медальдары табысталды.

