Спорт – денсаулық кепілі!

Спорт – денсаулық кепілі!

26.08.2025 Off By Администрация сайта

Спорт – адамзат өміріне алапат күш сыйлап, тәнге қуат, жанға мықты рух сыйлайтын қастерлі дүние. Сондықтан сергек болудың, сау болудың бірден бір жолы – спортпен шұғылдану.
Салауатты өмір салтын насихаттау, өскелең ұрпақты спортпен және дене шынықтырумен белсенді шұғылдануға тарту – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің бірі. Жастардың, бүкіл ұлттың денсаулығы, еліміздің қуаты көп жағдайда оның табысты түрде жүзеге асуына байланысты.
Шардара ауданында дене тәрбиесімен және спортпен шұғылдану жаппай өрістеп, тұрғындарға барынша қолжетімді болуы үшін қажетті жағдайлар жасалуда.
Мереке қарсаңында «Қызмет» мемлекеттік банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы Шардара аудандық филиалының төрайымы Биманова Бахыткүл Құрмантайқызы спортты дамытуға қосқан үлесі үшін, Шардара ауданының спортшыларын Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің «Еңбек озаты» төс белгісімен төмендегі спортшыларын марапаттады:

  1. Ниязбеков Нуржау Сыдыкалиевич – №3 БЖСМ
  2. Жарылқапов Нұрбек Нұрғалиұлы – №3 БЖСМ
  3. Таубаева Зулпия Сейдалиевна – №2 БЖСМ
  4. Акимбаев Кадирхан Отегенович – №1 БЖСМ
  5. Стрельцов Виталий Геннадиевич – №1 БЖСМ
  6. Халбай Әмірхан Жүсіпбекұлы – Ұлттық спорт клубы
  7. Жүсіп Дархан Есімханұлы – Ұлттық спорт клубы

Облыстық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасымен және аудандық кәсіподақ комитетінің Алғыс хатымен бірқатар спорт озаттары марапатталды. Еліміздің еңсесін көтеруде, мемлекетіміздің өркендеуі жолында биік белестерді бағындыруларыңызға, дүбірлі додаларда жеңістерге қол жеткізулеріңізге, ұлттық спорт түрлерін дамыту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыруларыңызға шын жүректен тілектеспін.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!
Қазақ елінің спорт саласындағы жетістіктері мен табыстары арта берсін!- дегіміз келеді.
Мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті спортшылар және спорт жанкүйелері!