Әлеуметтік әріптеске құрмет көрсетілді
08.07.2025«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік филиалдың мүшелік ұйымы – Шымкент қаласының қаржы басқармасында болып, басқарма басшысының және бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасының қатысуымен кәсіподақ мүшелеріне еңбек қатынастары туралы, еңбек және техника қауіпсіздігі мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жиын соңында басқарма қызметкерлерін «Сүйікті елордамыз – Астана күнімен» құттықтап, Әлеуметтік әріптес, жұмыс беруші, қаржы басқармасының басшысы Руслан Бақытбекұлы Бақтыбаевқа «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төсбелгісін табыстады.


