Шымкентте жастар ресурстық орталығында кездесу өтті
08.07.2025ҚРКФ-ның «Қалың қалай бастауыш ұйым» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағының мүшелік ұйымы – Шымкент қаласының жастар ісі және ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов пен орталықтың бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Дінмұхамед Қанатұлы мекеменің кәсіподақ мүшелерімен кездесіп, қорытынды жиында «Қызмет» салалық кәсіподағының ХІІ-съезінің шешімдерімен таныстырып, салалық кәсіподақ қызметінің 2025-2030 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру мәлелелеріне тоқталып, кездесу соңында мекеменің қызметкерлерін «6 шілде – Астана қаласы күні» мерекесімен құттықтап, орталықтың бірқатар қызметкерлеріне кәсіподақ наградаларын табыстады.
Атап айтқанда:

- шаруашылық бөлімінің күзетшісі Қыстаубаев Бегімхан Темірханұлы «Еңбек озаты» төсбелгісімен;
- шаруашылық бөлімінің қызметтік үй тазалаушысы Қамысбаева Мақтагүл Мұратқызы «Құрмет грамотасымен»;
- жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жұмыс бөлімінің инспекторы Төребек Әсел Жаңабайқызы, аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімінің инспекторы Алайдар Мөлдір Еркінбекқызы және талдау, мониторинг және әлеуметтік зерттеу бөлімінің инспекторы Нұржанова Венера Жақсыбекқызы «Алғыс хаттармен» марапатталды.

