Мерекеге арналған жарыс өтті

Мерекеге арналған жарыс өтті

24.06.2025 Off By Администрация сайта

23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні» мерекесінің қарсаңында «Қызмет» салалық комитеттің Түркістан облысы Сарыағаш аудандық филиалдың ұйымдастыруымен Сарыағаш ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметкерлері арасында кіші футбол, волейбол, шахмат, тоғыз құмалақ, гир тас көтеруден және арқан тарту спорт түрлерінен спартакиадалық жарыс өтті.
Жарысқа 200 –ге жуық мемлекеттік қызметшілер 3 командаға бөлініп жарысты.
Жарыс нәтижесі бойынша:

1 орынды Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты командасы,

2 орынды Ақжар, Жемісті, Дербісек, Қызылжар ауылдық округтерінің «Шығыс» командасы,

3 орынды Жартытөбе, Сарыағаш, Құркелес, Көктерек ауылдық округтерінің «Батыс» командасы иеленді.

Жарыс соңында жеңімпаздарды марапаттап, командалық естелік сыйлықтар мен қаржылай қолдау көрсетілді. Сондай ақ, бірқатар мемлекеттік қызметшілер «Қызмет» салалық кәсіподақтың Түркістан облыстық филиалының атынан «Еңбек озаты» төсбелгісімен Рысбаев Толыбай Балтабайұлы және Әліқұл Жанат Қуандыққызы марапатталып, бірқатар азаматтар Құрмет Грамотамен және Алғыс хатпен марапатталды.

Еліміздің өркендеуі жолындағы қызметтеріңіз жемісті болсын, Құрметті мемлекеттік қызметшілер!