23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні мерекесі
24.06.2025Мемлекеттік қызмет – бұл барлық мемлекеттік басқаруды ұйымдастырудағы жетекші ролді атқаратын мемлекет жүйесінің ең маңызды тетіктерінің бірі. Өз халқың үшін қызмет ету-зор бақыт, үлкен қуаныш.
Өңірімізде түрлі салада қол жеткізген жеттістіктерде әрбір мемлекеттік қызметшінің күнделікті еңбегі арқылы қосқан үлесі бар.


Мереке қарсаңында «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық филиалының төрайымы Есебаева Күлдар Аралбекқызы Түркістан облысы мемлекеттік сатып алу басқармасының мемлекеттік қызметшілерін 23 маусым – Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілер күні мерекесімен құттықтап, «Қызмет» Салалық комитеттің төрағасы Мирболат Хабиұлы Жақыповтың құттықтауын жеткізіп, Салалық комитеттің, облыстық филиалдың марапаттарын тапсырды.

Мерекелеріңіз құтты болсын! Еліміздің өркендеп даму жолындағы қызметтеріңіздің абыройы арта берсін!

