Әлеуметтік саланың медицина қызметкерлері марапатталды

Әлеуметтік саланың медицина қызметкерлері марапатталды

10.06.2025 Off By Администрация сайта

«Қалың қалай бастауыш ұйым» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы – Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№9 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерімен кездесу өткізіліп, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов және мекеменің директоры Замира Әбілдаева мен кәсіподақ төрайымы Әсел Балабекова бірге кәсіподақ мүшелерінің қалжағдайларымен танысып, еңбек қатынастары туралы заңдар шеңберінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, «Қызмет» салалық кәсіподағының жақында өткізген ХІІ-съезінде қабылданған шешімдерімен таныстырып, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.

Жиын қорытындысында филиал төрағасы Серік Елемесұлы мекеменің медицина қызметкерлерін алда келе жатқан «15 маусым – Медицина қызметкерлерінің күнімен» құттықтап, бірқатар белсенді кәсіподақ мүшелеріне филиалдың наградаларын табыстады.
Атап айтқанда:
«Еңбек озаты» төсбелгісімен мекеменің мейіргері Кемелбекова Күлжан Оналбекқызы, «Құрмет грамотасымен» мекеменің массаж-мейіргері Болысова Оңласын Елемесқызы, мекеменің дәрігер-невропатологы, психиатры Дошманов Ерубай Сансызбайұлы, ал «Алғыс хатпен» мекеменің мейіргері Сыдықов Бекарыс Кенжебекұлы марапатталды.
Жиын соңында орталықтың басшысы З.Әбілдаева «Қызмет» салалық кәсіподағының атына шынайы алғысын білдіріп, алдағы істеріне сәттілік тіледі.