Салалық бірлестік пен бастауыш ұйымның тығыз сабақтастығы!
21.05.2025Салалық бірлестік пен бастауыш ұйымның тығыз сабақтастығы-қызметкерлердің мүддесін қорғауға және кәсіподақтың беделін арттыруға нақты қадам жасайды.
“Қызмет” Салалық кәсіподағы Алматы қаласы бойынша филиалы өзінің мүшелік ұйымдарымен тұрақты әрі ұдайы байланыспен жұмыс жасап келеді. Бастауыш ұйым ол қозғалыстағы, үнемі өзгерістегі құрылым,сондықтан ұйыммен тығыз байланыс тиімді жұмыстың маңызды құралы.
«Парасат» әлеуметтік қызмет орталығы “Қызмет” Салалық кәсіподағына алғашқылардың бірі болып кірген ұйым. Бүгінде қатарында 103 мүше бар. Бастауыш ұйыммен сауықтыру, еңбек қауіпсіздігі және алдағы келе жатқан “Қызмет” салалық кәсіподағының сьезі жайлы толық ақпаратты филиал төрайымы Д. Айнақұлова бөлісті. Осы тақырыптағы кездесулер басқа да ұйымдарда жалғасын табады.




