Катонқарағай ауданындағы кездесу
21.05.2025«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Т. Түсіпбеков пен «Қызмет» «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Д. Тілеубаев Катонқарағай ауданына іссапармен барды.
Қайта құрылған Катонқарағай ауданы – облыстағы ең шалғай жатқан шекаралық аудандардың бірі. Іссапар барысында облыстық кәсіподақ белсенділері аудандық мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерімен кездесті. Кездесуді аудан әкімі Данияр Дүйсенбаев жүргізді. Кездесу өте жоғары деңгейде өтті, жиынға қатысушылар республикалық, облыстық деңгейдегі кәсіподақтардың атқарып жатқан жұмыстары туралы ақпарат алды. Кездесу нәтижесінде жергілікті мемлекеттік мекемелерде кәсіподақ ұйымдарын құру туралы шешім қабылданды.





