Мемлекеттік қызметшілер күніне орай облыстық спартакиада өтті

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай облыстық спартакиада өтті

03.03.2025 Off By Администрация сайта

Мемлекеттік қызметшілердің жетекші рөлін, ынтымақтастығы мен іскерлік байланысын нығайту, жарысқа қатысушылардың спорттық шеберліктерін шыңдау, мемлекеттік қызметшілерді спортпен жүйелі шұғылдануға тарту мақсатында Мемлекеттік қызметшілер күніне орай жыл сайынғы дәстүр бойынша Батыс Қазақстан облысы әкімдігі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаменті, Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағы бірлесіп төрт жақты келісіммен 2025 жылдың 27-28 ақпан, 15-18 мамыр күндері спорттың 15 түрінен ҚР Мемлекеттік қызметшілер күніне орайластырылған мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық спартакиада өткізу жоспарланып отыр.

2025 жылдың 28 ақпан күні «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы С.Сүлеймен Бөрлі ауданы Ақсай қаласы Қарашығанақ спорт кешенінде өткен ҚР Мемлекеттік қызметшілер күніне орайластырылған мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық спартакиаданың марапаттау рәсіміне қатысты.
Облыстық спартакиада спорттың: шаңғы жарысы, баскетбол, шахмат, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, асық ату, қол күресі, арқан тартыс, қазақ күресі, дәстүрлі садақ түрлерінен өтті.
Спартакиаданың жеңімпаздары «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподақ ұйымының Атқару комитетінің атынан грамоталармен, сыйлықтармен марапатталды.