Алматы қаласы бойынша қазынашылық департаменті қызметкерлерімен маңызды кездесумен жалғасты
24.02.2025Алатаудың етегіндегі Алматы қаласына сапарының үшінші күні Алматы қаласы бойынша қазынашылық департаменті қызметкерлерімен маңызды кездесумен жалғасты.
Астана мен Алматы қалалары арасындағы тәжірибемен бөлісу форматында өткен кездесуді Астана қаласы бойынша филиал төрағасы Нұрланов Атакозы Келденұлы өткізді.Бұл кездесу барысында «Қызмет» Мемлекеттік банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету мекемелерінің қоғамдық бірлестігі салалық кәсіподағының атқаратын жұмыстары, мақсаттары мен негізгі міндеттері туралы кеңінен сөз қозғалды. Кездесуге Алматы қаласы бойынша қазынашылық департаментінің 60-тан астам қызметкері қатысты.


