Әлеуметтік сала қызметкерлеріне марапаттар табысталды
30.10.2023Шымкент қаласының әлеуметтік сала қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалы тарапынан осы саланың жалпы 26 қызметкеріне марапаттар табысталды.

Оның ішінде:
«Қызмет» салалық кәсіподағының «Алғыс хатымен» – 1 адам, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төс белгісімен – 5 адам, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Құрмет грамотасымен» – 8 адам, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Алғыс хатымен» – 9 адам, Шымкент қаласы әкімінің «Алғыс хатымен» – 2 адам, Шымкент қалалық маслихатының «Алғыс хатымен» – 1 адам марапатталды.



