Шымкентте «Еңбек. Тұлға. Құрмет.» атты іс-шара өтті
27.10.2023«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының құрамындағы мүшелік ұйым «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» қоммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023 жылы 26 қазанда Республика күніне орай, «ЕҢБЕК. ТҰЛҒА. ҚҰРМЕТ.» атты ұрпақтар сабақтастығы іс-шарасы өтті.


Іс-шараға «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Е.Әуесханов, М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор С.Н.Әлібек, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Г.Ә.Жанысбекова, Түркістан облысының мемлекеттік архивінің басшысы А.К.Исатаева, Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архивінің басшысы Г.С.Шардарбекова, Шымкент қаласы білім басқармасының «№80 ІТ лицей-мектебі» КММ-нің мұғалімдері мен оқушылары қатысты.


Іс-шараға қатысушылар «Архив-2025» кешенді жоспарына сәйкес, Ресейдің архивтерінен әкелінген тарихи құнды және жеке тектік құжаттар негізінде жасалған «Туған өлке тарихы» көрмесін тамашалады.
Отандық және шетел архивтерінен әкелінген құжаттар негізінде жарыққа шыққан ІІ томдық «История крупных промышленных предприятий города Шымкент» жинағының тұсаукесері жасалды.
Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің жеке тектік қор құрушысы, Оңтүстіктің мәдениеті мен өнерінің дамуына ерекше үлес қосқан, Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының актері, жастардың Республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» Еркінбек Өксікбайұлы Шымырқұловтың жеке құжаттары мемлекеттік сақтауға алынып, архивтің қор құрушысы сертификаты табысталды.
Сонымен бірге Еркінбек Өксікбайұлы Шымырқұловтың оқушы жастармен және архив қызметкерлерінің кәсіподақ мүшелерімен кездесуі өткізіліп, оның өмірбаяны мен еңбек жолдары және бірнеше тұлғалардың ролін сомдаған актерлік шығармаларымен таныстырылып, соның ішінде Абайдың ролін сомдаған бейнетаспа үзіндісі көрсетіліп, жастар бойында зор әсер қалдырды.
Іс-шара барысында филиал төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов жиынға қатысушыларды «25 қазан – Республика күні» мерекесімен құттықтап, «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» қоммуналдық мемлекеттік мекемесінің белсенді кәсіподақ мүшелеріне «Қызмет» салалық кәсіподағының наградаларын табыстады.
Атап айтқанда: мекеменің «Архив құжаттарын пайдалану және жариялау» бөлімінің басшысы Гүлжайна Өмірбекқызы Тұрысбек «Қызмет» салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төсбелгісімен, мекеменің бухгалтері Эра Нұрманқызы Әлімбекова «Құрмет грамотасымен» және мекеменің археографы Қанат Тұрлыбекұлы Төретаев «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Алғыс хатымен» марапатталды.
Жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласып, көркемөнерпаздар күй мен әндерін тарту етіп, көпшілік қатысушыларды сүйсінтті.


