«Жырым сенсің,  туған жер» атты әдеби сайыс өтті

«Жырым сенсің, туған жер» атты әдеби сайыс өтті

27.10.2023 Off By Администрация сайта

Қызылорда қаласында Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне орай  «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалы мен А.С.Пушкин атындағы орталық  кітапхананың бірлесе ұйымдастыруымен  «Жырым сенсің, туған жер» атты әдеби сайыс өтті. Әдеби сайысқа арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының қызметкерлері, кәсіподақ мүшелері қатысты.

Әдеби сайыстың мақсаты Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесін атап өту, әлеуметтік сала қызметкерлерінің оң имиджін қалыптастыру, шығармашылық қабілетін, өнерге қызығушылығын арттыру және кәсіподақ мүшелері арасында шараларға қатысу белсенділігін арттыру болды. Сонымен қатар Қызылорда облысының  құрылғанына 85 жыл және Қызылорда қаласының 205 жылдығына орай туған жерге арналған өлеңдер оқу арқылы отансүйгіштік сезімді насихаттау.

Әдеби сайыс екі кезең бойынша өткізілді, бірінші кезеңінде Туған жерге, Сыр еліне, Қызылорда қаласына  арналған өлеңдер оқылса, ал екінші кезеңде  сайысқа қатысушылар  қалаған  тақырыбы бойынша, яғни еркін тақырыпта өлеңдер оқыды. Екі кезең бойынша  қазылар алқасы өлеңнің мағынасына, оқу шеберлігіне, мәнерлеп жатқа оқуына, тақырыптың ашылуы мен мазмұнына баса назар аударды.

 Әдеби сайысқа «Әлімсақ» журналының бас редакторы, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты Нұрлан Көбегенұлы, «Қызмет» салалық облыстық  кәсіподағының  төрайымы Тұрсынбаева Сауле Сахиқызы, Қызылорда қалалық орталықтандырылған  кітапханалар жүйесінің әдіскері Асқарова Сәуле Кеңесбекқызы төрелік жасады.

Қорытындысында  үздік деп танылған қатысушылардың жүлделік орындары белгіленіп,  І орынды №2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қоғаммен байланыс жөніндегі маманы Шарапат Раушанбек, ІІ орынды Мүгедектерге арналған оңалту орталығының қызметкері Ермағамбет Мақсұт және №2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының кітапханашысы Уалиева Гүлзат, ІІІ орынды №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының аяжаны Әмин Салтанат және №2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының психолог-маманы Мырзаханова Назерке иленді. Жеңімпаздарға дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табысталды, Сонымен қатар ынталандыру сыйлығымен №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қызметкері Бауыржанқызы Жансая, Мүгедектерге арналған оңалту орталығының психолог-маманы Ақпанбетова Лаура, №2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының аяжаны Туленова Майгүл, №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының мейіргері Пайзуллаев Рамазан марапатталды.

Сайыс барысында кәсіподақ мүшелері Зоя Үсенбаева, Салтанат Әмин, Мақсұт Ермағамбет, кітапхананың белсенді оқырманы Ғалия Ахметова әсем әндер орындап, кеш ажарын аша түсті. Әдеби сайыс өте қызықты өтті.  Сайыста әлеуметтік салада еңбек ете жүріп ақындық қасиеті бойына сіңген қызметкерлер Р.Шарапат, Г.Уалиева ауылға, туған жерге арнаған өлеңдерін оқып, талантты жастардың өнері айшықталып, шараға қатысқан көрермен қауым әлеуметтік сала қызметкерлерінің шығаршылық өнеріне риза болып, рухани байып, керемет көңіл-күймен қайтты.