Статистика Департаментінің кәсіподақ мүшелері арасында тимбилдинг өтті
27.10.2023Статистиканы қоғам дамуының айнасы деп бекер айтпаса керек, себебі бірде бір мемлекет пен адам статистикасыз өмір сүре алмайтыны анық. Қауырт жұмыстан бөлек облыстық статистика департаментінде біріккен демалысқа көп көңіл бөлінеді. Статистика департаментінің ұжымы облыс көлемінде және департаменттің өзінде ұйымдастырылатын спорттық, мәдени-көпшілік шараларға белсенді түрде қатысып келеді.
Ұлттық мереке – Республика күні және статистика күніне орай ҚР СЖРА Ұлттық Статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлері арасында департаменттің бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен «Нұр-Сәт» спорт кешенінде тимбилдинг өткізіп, ұжымның ауызбіршілігін, ұйымшылдығы мен татулығын тағы да бір дәлелдегендей болды.





