Мереке қарсаңында әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
26.10.2023«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының жұмыс кестесіне сәйкес, «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№9 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кәсіподақ мүшелерімен кездесу өткізілді.
«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы мекеме басшысы Замира Әбілдаеваның қатысуымен кәсіподақ мүшелерінің жағдайларымен танысты.
Кездесу қорытындысы бойынша жиын өткізіліп, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Телағысұлы Даулеталиннің төрағалығымен 2023 жылғы 17 қазанда Шымкент қаласында өткізілген ІҮ Орталық Азия елдері кәсіподақтары кеңесінің отырысы туралы хабарлама жасады.
Жиын соңында филиал төрағасы С.Әуесханов ұжым мүшелерін «25 қазан – Республика күні» мерекесімен құттықтап, мекеменің жұмыскерлері Элмира Қасымбековаға «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Құрмет грамотасын» және Ольга Деминаға «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Алғыс хатын» табыстады.

