Әлеуметтік саласының қызметкерлері марапатталды
10.10.2023«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне арнайы барып, орталықтағы ұжым мүшелерін «10 қазан – Кәсіптік одақтар күні» және «25 қазан – Республика күні» мерекелерімен құттықтап, қаланың әлеуметтік-экономикасына және кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан белсенді кәсіподақ мүшелеріне «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының наградаларын табыстады.

Атап айтқанда: мекеменің дефектолог-мұғалімі Алтыбаева Күлдариха Шәкірқызы «Еңбек озаты» төс белгісімен, мекеменің аға мейіргері Құлышова Жәмила Әлімбергенқызы «Құрмет грамотасымен» және мекеменің палаталық санитары Әжібекова Сәуле Әбілқызы «Алғыс хатпен» марапатталды.
Жиын соңында орталықтың басшысы Ауанасова Камила ұжым мүшелерін мерекелерімен құттықтап, «Қызмет» салалық кәсіподағының атына ризашылығын білдірді.



