Кәсіподақ жастары Ырғыз ауданының тарихымен танысты

Кәсіподақ жастары Ырғыз ауданының тарихымен танысты

09.10.2023 Off By Администрация сайта

10 қазан – ҚР Кәсіподақтары күні қарсаңында Ырғыз ауданында өткен «Қызмет» салалық кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалы жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің ауданаралық слёты барысында Әйтеке би, Шалқар, Қарғалы аудандарының кәсіподақ жастары Ырғыз ауданының тарихымен танысты.

Ырғыз ауданы ерекше өсімдіктер мен жан-жануарларға бай өлке екендігі белгілі. Әрісі миллиондаған жылдар бұрын жерге құлаған метеориттің орны табылған Жаманшың кратерінен бастап, ежелгі жануарлардың бірі Ақбөкендердің үлкен популяциясы мекендейтін жер. Ырғыз даласынан ежелгі мамонт сүйектерінің табылуы да, бұл өңірдің тарихқа толы екендігінің белгісі.Қатысушы жастар аудан территориясында орналасқан Ырғыз-Торғай резерватының ғимаратындағы мұражайды аралап көріп, ондағы құнды жәдігерлермен танысып, резерват қызметкерлері ұсынған ақпаратпен қанықты.«Қызмет» салалық кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалы өз мүшелерін өңіріміздің тарихи орындарымен таныстыру үрдісін жалғастыра бермек.