Кәсіподақтар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

Кәсіподақтар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

05.10.2023 Off By Администрация сайта

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Аялы алақан» «№5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен «Кәсіптік одақтар күніне» арналған салтанатты жиын өткізіліп, Шымкент қаласының қуыршақ театры қызметкерлері өз өнерлерін көрсетіп, тәрбиеленуші балаларға арналған қойылымдарын қойды.
Салтанатты жиынға қатысқан «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы ұжым мүшелерін алда келе жатқан «10 қазан – Кәсіптік одақтар күні» және «25 қазан – Республика күні» мерекелерімен құттықтап, белсенді кәсіподақ мүшелеріне филиал наградаларын табыстады.

Атап айтқанда: мекеменің еңбек терапиясының нұсқаушысы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Сапарова Айгүл Шалхарқызы, тәрбиеші Утебекова Қаракөз Бейсенбекқызы, санитар-тазалаушы Нұрбекова Айгүл Адырбекқызы, слесарь-сантехник Абилдаев Ерзах Жолдасұлы, тәрбиеші Төлепбергенова Ұлдан Тоғызбайқызы филиалдың «Құрмет грамоталарымен» және «Алғыс хаттарымен» марапатталды.

Мекеменің басшысы Серік Бабакулов жиынға қатысқандарды мерекемен құттықтап, кәсіподақ филиалы мен қуыршақ театры қызметкерлеріне ұжым атынан шынайы алғысын білдірді.