Абай ауданы әкімдігінің қызметкерлеріне марапаттар табысталды
05.10.2023«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов «Шымкент қаласының Абай ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне арнайы барып, ұжым мүшелерін «10 қазан – Кәсіптік одақтар күні» және «25 қазан – Республика күні» мерекелерімен құттықтады.
Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикасына және кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан елеулі үлестері үшін, бірқатар белсенді кәсіподақ мүшелеріне «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының наградаларын табыстады.
Атап айтқанда: мекеменің ұйымдастыру – инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің басшысы Кеңес Шерхан Усенұлы «Еңбек озаты» төс белгісімен, қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің басшысы Ажедин Мейіржан Ғаниұлы «Құрмет грамотасымен», әлеуметтік қорғау, мәдени даму және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің әдіскері Полатов Рустам Октамұлы, кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің статистігі Елеуіс Айдана Ерғалиқызы «Алғыс хаттармен» және мекеменің әдіскері Пернекұлова Венера Егембердіқызы «Қызмет» салалық кәсіподағының «Мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Аудан әкімінің орынбасары, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Заңқоев Есімжан іс-шараға қатысушыларды мерекелерімен құттықтап, «Қызмет» салалық кәсіподағына шынайы алғысын айтты.






