Қызметкерлерге мерекелер қарсаңындағы марапаттар табысталды

Қызметкерлерге мерекелер қарсаңындағы марапаттар табысталды

04.10.2023 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне арнайы барып, бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерін «10 қазан – Кәсіптік одақтар күні» және «25 қазан – Республика күні» мерекелерімен құттықтады.

Ұжым мүшелерінің кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосып жатқан белсенді үлестерін ерекеше атай отырып, бірқатар белсенді кәсіподақ мүшелеріне «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының наградаларын табыстады.
Атап айтқанда: мекеменің әлеуметтік жөніндегі маманы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Құралова Айнур Нуритдинқызы «Еңбек озаты» төс белгісімен, мекеменің психологы Булакбаева Дилноза Абдуллақызы «Құрмет грамотасымен» және мекеменің техник қызметкері Оспанқұлова Эльмира Насырқызы «Алғыс хатпен» марапатталды.