СҚО-да келісім комиссияларының мүшелері үшін семинар өткізілді

СҚО-да келісім комиссияларының мүшелері үшін семинар өткізілді

27.09.2023 Off By Администрация сайта


Ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде сағ. 11-де «Қызмет» кәсіподағының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы онлайн және офлайн режимінде 15 адамнан астам жұмыс істейтін сала ұйымдары мен мекемелері үшін келісім комиссияларының мүшелеріне оқыту семинарын өткізді.

Семинар спикері болып СҚО Кәсіподақ орталығының Заң клиникасының басшысы-Голенкова Людмила Петровна сөз сөйледі.
Семинар соңында Петропавл балалар әлеуметтік қызмет көрсету орталығының төрағалары, Еңбек инспекциясы басқармасы, СҚО әкімдігі аппаратының және Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің өкілдері сұрақтар қойды.
Барлық қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Семинар жұмысында 60-тан астам адам қатысты (жұмыс беруші мен қызметкерлердің өкілдері).