Кәсіподақ ұйымдарында бухгалтерлік есеп мәселелері қаралды

Кәсіподақ ұйымдарында бухгалтерлік есеп мәселелері қаралды

22.09.2023 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағының Орталық Кеңесі орталық мемлекеттік органдардың облыстық, қалалық филиалдарының бухгалтерлері мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қазынашыларына бухгалтерлік есеп және қаржы жұмысы мәселелері бойынша оқыту семинарын өткізді.

Іс-шараны ашқан «Қызмет» салалық кәсіподағының көшбасшысы Мирболат Жақыпов оқыту семинары тақырыбының маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті.

«Бүгін сіздерге кәсіподақ ұйымдарында қаржылық қызметті жүргізудің және қаржылық тәртіпті сақтаудың негізгі аспектілерімен танысуға мүмкіндік беріледі. Сіздерге жемісті жұмыс тілеймін», – деді Мирболат Жақыпов.

Осы тақырып бойынша «Қызмет» салалық кәсіподағының бас бухгалтері Жанна Гайсина сөз сөйледі.

Ол кәсіподақ ұйымдарындағы есепке алу ерекшеліктері туралы, қолма-қол ақшамен жұмыс істеу тәртібі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Сондай-ақ, оқыту семинарының екінші бөлімінде кәсіподақ ұйымдарына салық салу және тексеру жұмыстарын жүргізу мәселелері қаралды.

«Ең алдымен, кәсіподақтың қаржылық қызметі мүшелік жарналарды жинау мен аударудың бірыңғай тәртібі белгіленген кәсіподақ Жарғысына сәйкес, сондай-ақ ҚР қолданыстағы нормативтік – құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылатынын тағы да еске салғым келеді», – деп атап өтті Ж. Гайсина.

Спикер бастауыш кәсіподақ ұйымында, кәсіподақ комитетінің отырысында қаржылық қызметті жүзеге асыру үшін кәсіподақ ұйымының кірістері мен шығыстарының сметасын қабылдау және бекіту қажет екенін атап өтті. Смета өткен қаржы жылы үшін түскен мүшелік жарналар есебінен болжамды сомаға сәйкес жасалады. Кәсіподақ жарналары тек кәсіподақ ұйымының жарғылық қызметіне жұмсалуы керек,-деп толықтырды.

Кәсіби органдарда қаржылық жұмыс және бухгалтерлік есеп ҚР қолданыстағы заңнамаларының талаптарына сәйкес жүргізіледі:

– «Кәсіптік одақтар туралы»ҚР Заңымен;

– «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы»ҚР Заңымен;

– ҚР Қаржы Министрінің бұйрықтарымен:

– «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»ҚР Кодексімен;

– ҚР Еңбек кодексі.

Кәсіподақ ұйымдарына салық салу мәселелеріне қатысты Ж. Гайсина осы жұмыстың ерекшеліктерін түсіндірді.

Оқыту семинарын өткізу барысында қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, мысалдар келтірді, сондай-ақ қаржылық құжаттама мен есептілікті жүргізуге, кәсіподақ мүшелеріне материалдық және өзге де көмекті ресімдеудің дұрыстығына қатысты көптеген сұрақтар қойды.

Барлық қойылған сұрақтар бойынша толық жауаптар берілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша тыңдаушылар семинардың ақпараттылығын және қаралған мәселелердің практикалық құндылығын атап өтті.

Семинар соңында әр қатысушыға сертификаттар табысталды.