Жаңадан құрылған мекемеден  кәсіподақ ұйымы ашылды

Жаңадан құрылған мекемеден кәсіподақ ұйымы ашылды

20.09.2023 Off By Администрация сайта

Шымкент қаласында жаңадан құрылған «Алтын балапан» бөбекжай балабақшасы ЖШС мекемесінен бастауыш кәсіподақ ұйымы ашылды.
Мекемеде 43 адам жұмыс жасайды. Олар толығымен 100 пайыз кәсіподақ мүшелігіне кіріп, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының құрамында болуды ұйғарып, жалпы жиналыста бірауыздан мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы болып Жиенбаева Айнур Айтбайқызы және тексеру комиссиясының төрайымы болып Булекеева Айзада Тұрабекқызы сайланды.

«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесхановтың, мекеменің жұмыс берушісі атынан балабақша меңгерушісі Қаламқас Бақадұрқызы Әшірәлінің және жұмыскерлер атынан бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Айнур Айтбайқызы Жиенбаеваның арасында өзара қарым – қатынастар жөніндегі 2023-2028 жылдарға арналған келісім-шартқа, сондай-ақ мекеменің жұмыс берушісі мен кәсіподақ комитетінің арасындағы 2023–2028 жылдарға арналған әлеуметтік – еңбек қатынастары бойынша ұжымдық шартқа қол қойып, оны Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасынан тіркеуден өткізді.