«Мектепке жол»: Шымкентте 1000 оқушыға көмек берілді
01.09.2023Шымкент қаласының Дін істері басқармасы мемлекеттік мекемесінің және ҚМДБ Шымкент қаласы өкілдігінің бірлесе ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, наиб имам Мұхамеджан Естеміров, іс басқарушысы Азамат Әбдікерімұлы, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Айбек Азимбаев пен қалалық Жастар ісі секторының жетекшісі Али Анарқұлұлы және мешіт имамдары қатысып, ізгі іс жасады.

Қайырымдылық шарасы аясында жағдайы төмен, көпбалалы отбасында тұратын, 1000 оқушыға сөмкелер мен оның ішінде дәптерлер, қалам, сызғыш, циркуль, бояу, түрлі түсті қалам, түрлі түсті журнал, сурет дәптер, қалам ұштағыш, желім, т.б. қоса үлестірілді. Игі шара Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау, Тұран аудандық мешіттерінде жалғасуда.





