Батыс Қазақстан облысында Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті
31.08.20232023 жылы 31 тамыз күні «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы С.Сүлеймен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысына қатысты.
Отырысқа Әдеп жөніндегі кеңестің мүшелері қатысты.
Кеңестің отырысында бірқатар мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы бұзушылықтарының профилактикасы бойынша қызметтерінің қорытындылары қаралды.
Департаментпен ағымдағы жылдың шілде-тамыз айларында Теректі ауданы мен Тасқала ауданына жүргізілген мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бойынша тиісті аудан әкімдері есептерін берді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама және қызметтік әдеп талаптарының сақталуы мәселесіне қатысты Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының басшысы атқарған жұмыс нәтижелері бойынша баяндама жасады.
Әдеп жөніндегі кеңестің 2023 жылғы бекітілген жоспарына сәйкес, мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бойынша атқарылған жұмысының қорытындыларын қарау мәселесі аясында, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасы мен тәртіптік практиканы талдау қорытындылары негізінде мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмыс нәтижелері сарапталды.
Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның талаптарына сәйкес, мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органға келтірілген нұқсан үшін материалдық жауаптылық арқалайды және мемлекеттік қызметші мемлекеттік органға келтірілген тікелей нақты нұқсанды өтеуге міндеттелінген.
Осыған байланысты, Кеңестің отырысында жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің материалдық жауаптылығы мәселесіне қатысты жүргізілген талдау нәтижелері күн тәртібіне енгізілді.
Талдаумен мемлекеттік органға салынған және лауазымды адамдардың іс-әрекетсіздігі салдарынан мемлекеттік органға келтірілген залалдар сомасы анықталып, Кеңес мүшелерімен талқыланды.

