«Қызмет»  салалық кәсіподағының  Мартөк  аудандық  комитеті мүшелерінің  активі өтті

«Қызмет» салалық кәсіподағының Мартөк аудандық комитеті мүшелерінің активі өтті

27.06.2023 Off By Администрация сайта

Актив жұмысына әдейілеп келген «Қызмет » салалық кәсіподағы Ақтөбе ОФ төрайымы активке қатысқан аудандағы барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарының өкілдеріне кәсіподақ қозғалысы, филиал тарапынан жасаланып жатқан жұмыс барысы туралы баяндап, аудандық комитет мүшелеріне еңбек қатынастарын реттеу мен еңбек қатынастарындағы ұжымдық шарттың маңыздылығын атап өтті. Сондықтан актив барысында аудан әкімі Алмас Салықбаевпен алдын ала келісу негізінде аудандық мемлекеттік қызметшілердің құқықтық,әлеуметтік – экономикалық , мүддесін қорғауға , қызметкерлерлі лайықты еңбек шарттарымен қамтамассыз етуге және өзара әлеуметтік әріптестікті нығайтуға бағытталған ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Келісім ҚР Конституцияс ы,ҚР 2015ж.23.11. №414-V Еңбек кодексі, ҚР 2014 ж.27.06. «Кәсіподақтар туралы», 2015 ж.23.11. № 416-V«ҚР мемлекеттік қызмет туралы» Заңдары, 2014ж.25.12. ҚР Үкіметі мен қызметкерлердің республикалық бірлестіктері және жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы 2023-2025жылдарға арналған бас келісімі, меншік нысанына қарамастан мекемелер жұмысшыларының мүдделерін, әлеуметтік, экономикалық және еңбек құқықтарынқ орғаудықамтамасыз етуге бағытталған басқа да заңнамалық ережелердің негізінде жасалған.