Қарағанды облысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері күніне орай құрмет көрсету
23.06.2023«ҚЫЗМЕТ» Салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінде 23 маусымда 10 жыл бойы (2013 жылдан бастап) атап өтілетін Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шараға мемлекеттік қызмет ардагерлері, кәсіподақ жетекшілері, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Ербол Жолданғар -Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп кеңесінің төрағасы бүгінде көпвекторлы трансформация процесінде мемлекеттік қызметшілердің жұмысы қызметтің тиімділігі мен азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталғанын атап өтті. Мемлекеттік басқару институттарына халықтың сенімін және мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін нығайту бірінші кезектегі міндеттер болып табылады.
Салтанатты түрде өз жұмысында жетістікке жеткен Қарағанды облысының 40-тан астам мемлекеттік қызметшісінің еңбегі атап өтілді, Төсбелгілер, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табыс етілді.

Татьяна Шатохина – «ҚЫЗМЕТ» мемлекеттік, банк мекемелері мен қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының төрайымы барлық мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекемен құттықтап, ең бастысы – қазақстандықтардың, еңбек адамдарының игілігі үшін жұмыс істеу екендігіне назар аударып, кәсіподақ мүшелеріне адал еңбегі және кәсіподақ қозғалысына белсенді қатысқаны үшін «ҚЫЗМЕТ» Салалық кәсіподағының (төраға – Мирболат Жақыпов) наградаларын табыс етті, «Мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының ұздігі» Төсбелгісі:
- Капарова Дина Шапағатқызы – Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Адам ресурстары басқармасының персоналмен жұмыс бөлімінің басшысы;
«ҚЫЗМЕТ» Салалық кәсіподағының Құрмет грамоталары: - Жойкимбекова Зауреш Қанатқызы – Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы;
- Абильдин Азамат Азатұлы – Шет ауданы Ағадыр кентінің әкімі;
Алғыс хаттар: - Жазыбекова Аманкуль Мухажановна – Шет ауданы «Ағадыр кенті әкімінің аппараты» ММ бас маманы;
- Сарварова Елена Семёновна – «Ақтас кенті әкімінің аппараты» ММ бас маманы-бас бухгалтері, Саран қаласы.
Мемлекеттік қызметшілерді шын жүректен құттықтап, іс-шараға Ғабит Тұяқов – Қарағанды қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша бірінші басқармасының бұрынғы басшысы және Серікжан Байбосынов – «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Қарағанды облысы бойынша филиалы директоры қатысты.



