Мемлекеттік қызметкерлер марапатталды

Мемлекеттік қызметкерлер марапатталды

27.06.2023 Off By Администрация сайта

Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттік қызметкер болып табылады. Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет, қоғам мен мемлекет тарапынан артылған сенім.

Осы сенім жүгін арқалап, абыройлы қызмет атқарып, егеменді еліміздің дамуына өз  үлесін қосып жүрген мемлекеттік қызметкерлер Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Алмагүл Абдуманова, Қызылорда облыстық экономика және қаржы басқармасының  бөлім басшысы Жанар Бекжанова, Сырдария ауданы Бесарық  ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Ботагөз Сүлейменова, Жаңақорған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы Сауле Тумырзаева «Қызмет» салалық кәсіподағы» ҚБ Қызылорда облыстық филиалының «Мемлекеттік қызметтің дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Бұл төсбелгі қызметтік міндеттерін үлгілі және мінсіз орындағаны, мемлекеттік қызметтегі жоғары көрсеткіштері үшін Қызылорда облысының мемлекеттік қызметшілерін көтермелеу және ынталандыру мақсатында 2021 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен келісіле отырып дайындалып алғаш рет табысталған болатын.

Сонымен қатар Жаңақорған ауданы әкімдігінің мәжіліс залында   өткен салтанатты жиында Жаңақорған кенті әкімінің орынбасары Алмагүл Мамирова мемлекеттік қызметте 30 жылдан аса абыройлы да үлгілі еңбек етіп, қоғамдық өмірге белсене қатысқаны үшін Облыстық салалық кәсіподақтың «Еңбек озаты» медалімен марапатталды.

Қызылорда облысы