Барлық мемлекеттік қызметшілерге
23.06.2023Кеше ғана өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметшілердің бойында негізгі екі қасиеттің болуын ашып айтты. Оның біріншісі – профессионализм, өз ісінің маманы болу және отаншылдық. Туған елінің алдында айрықша жауапкершілікті атқарып жүрген мемлекеттік қызметшілер – билік пен халықтың арасындағы алтын көпір. “Қызмет” салалық кәсіподағының ыстық ықыласын, ізгі тілектерін Алматы қалалық филиалы барлық бастауыш ұйымдарға- сегіз аудандық әкімшіліктерге, экология департаментіне барып, салтанатты жиындарға қатысты.
Жас мемлекеттік қызметшілер ант беру рәсімін жасады.
40-50 жыл бойы мемлекеттік қызметте еңбек еткен ардагерлер Магулова Жанаргуль Абдукасовнаны, Самыкенова Кулбала Аянбергеновнаны құттықтап шықтық.
Жаңа Қазақстанды құруға, елімізді жан жақты дамуға арналған қажырлы еңбектері жемісті болсын.



