Мемлекеттік қызметшілер күнінің құрметіне орай Ұлытау облысының қызметкерлеріне арналған салтанатты іс-шара өтті
23.06.2023Облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы арнайы қатысып, елге қызметтің – абыройлы міндет екенін жеткізді. “Бүгінгі таңда облыс аумағында құрылған орталық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері ел игілігіне еңбек етуде. Барлығы дерлік өз міндетін адал, халық мүддесі жолында атқарып келеді. Жаңа құрылған облыста көп жұмыс жаңадан басталатыны, соған сай жұмыс көлемі мен жауапкершілік жүгі әдеттегіден бірнеше есе артық екені айтпаса да түсінікті»-деді өз сөзінде өңір басшысы. Салтанатты кеште Берік Әбдіғалиұлы бірқатар қызметкерге ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы Дархан Медеғалиұлының «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісін тақты.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы Ахметов Берік Мұхамеджанұлы кәсіби мереке аясында марапаттау рәсімін жалғастырды. Мемлекеттік қызметтегі көп жылдық тәжірибесі және жастарды тәрбиелеудегі үлесі үшін мемлекеттік қызмет саласының ардагері, Ұлытау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағындық Қожамсейітовты марапаттады. Сонымен қатар Мемлекеттік қызметтің беделін арттыру жолында атқарылып жатқан игі істерге қосқан үлесі үшін біраз әріптестер Құрмет грамотаға ие болды.
Қазақстан Республикасы «Қызмет» Салалық кәсіподағының төрағасы Жақыпов Мирболат Хабиұлының атынан құттықтау сөз Ұлытау облыстық филиалдың төрайымы Раушан Кожабаеваға берілді. Мәртебелі міндетті абыроймен атқарып жүрген мемлекеттік қызметшілерге Мирболат Хабиұлының тілегін жеткізіп, мемлекеттік қызметтегі адал еңбегі мен кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғауда ерекше белсенділік көрсеткені үшін бірнеше кәсіподақ мүшелерін төрге шығарды.

“Кәсіподақ қайраткері» медалімен Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Құсайынов Ербол Ғалымжанұлы,
«Мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының үздігі» төсбелгісімен Малшыбай селосының әкімі Аянбаев Ерғазы Егізтайұлы, “Қызмет” Салалық кәсіподағының Құрмет грамотасымен Жанат Айман-«Жезқазған қаласы әкімінің аппараты» ММ, Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу бөлімінің бас маманы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас мамандары Әмірбек Ернұр, “Қызмет” Салалық кәсіподағының Алғыс хатымен:
мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Қараева Әсем, облыстық филиалдың Алғыс хатымен “Жезқазған қаласы әкімінің аппараты” ММ бастауыш кәсіподақ ұйымының міндетін атқарушы Перизат Бексыздықова, облыстық филиалдың “Еңбек озаты” төсбелгісімен:
Мажитов Ерқанат Манарбекұлы – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы, Жезқазған қалалық мәслихаты аппаратының бас мамандары Сеилова Бибигул, Абдраманова Гулшат, Жезқазған қаласы әкімінің аппаратының Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы Ташимбекова Жанар марапатталды.
Кеш барысында жас мемлекеттік қызметшілер ант беру рәсімін жасады.


