Ұжымдағы моральдік-психологиялық ахуал – басты назарда
30.05.2023Әлеуметтік әріптес, Сәтбаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкірдің төрағалығымен еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу бойынша және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты қалалық комиссияның отырысы өтті.

Отырыс жұмысына комиссия мүшелері, қаламыздың жұмыс берушілері, кәсіподақ ұйымдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес бірінші мәселе қалалық кәсіпорындар мен ұйымдарда еңбек жанжалдарының туындау тәуекелдерінің мониторингі туралы ішкі саясат бөлімі басшысының м.а. Гульмира Тансықбаева және «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалының «Жезқазғантүстімет» ӨБ еңбек қатынастары бөлімінің басшысы Еркебулан Кенжегулов ақпарат берді.
Екінші мәселе қалалық кәсіпорындардың жұмыскерлеріне міндетті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарын аударудың жай-күйі бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының м.а. Ләйла Аликулова баяндама жасады.
“Қызмет” Салалық кәсіподағының Ұлытау облысы бойынша төрайымы Қожабаева Раушан мекемелердегі еңбек жағдайларына мониторинг жасай келе, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйі, еңбек адамына еңбек етуге қолайлы жағдай жасап, ұжымда шиеленістің алдын алу, жалақы қарыздарын болдырмау негізінде ауқымды жұмыстар атқарып келе жатқан “Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” ММ басшысы, әлеуметтік әріптес Апеков Бауыржан Талғатұлын және мекеме басшының орынбасары Асқар Шокпутовты мақтанышпен жеткізді.

