«Қызмет» салалық кәсіподағының Шалқар аудандық комитеті мүшелерінің активі өтті
29.05.2023«Қызмет» салалық кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы Мұхтарита Сағындықова Шалқар ауданына іс-сапары барысында аудандық комитет мүшелерінің активіне қатысты.Актив жұмысына Шалқар аудандық мәслихатының хатшысы Ысқақ Бигеев төрағалық етті, сондай-ақ аудан әкімінің орынбасары Амангелді Қонақбаев қатысты.Мұхтарита Мұқанбетқалиқызы активте сөз алып, салалық кәсіподақ тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы қысқаша баяндама жасап, аудандық комитет мүшелеріне еңбек қатынастарын реттеу, дауларды шешу, әлеуметтік көмектер көрсету бағытында мағлұматтар берді.Актив «Қызмет» салалық кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалы мен Шалқар ауданы әкімдігі арасындағы өзара әріптестік туралы меморандумға қол қоюмен аяқталды.




