«Қалың қалай, бастауыш ұйым?»
29.05.2023«Қызмет» салалық кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы Мұхтарита Сағындықова Шалқар ауданына іс-сапары барысында аудандық кәсіподақ комитетінің бірқатар бастауыш ұйымдарына барып, жұмыстарымен танысты.Атап айтсақ, Мұхтарита Мұқанбетқалиқызы Шалқар аудандық жұмыспен қамту орталығында болып, мекеменің тыныс-тіршілігімен танысып, бастауыш ұйым мүшелерімен сұқбаттасты.Кездесу барысында бастауыш ұйым мүшелеріне «Қызмет» салалық кәсіподағымен кәсіподақ мүшелерін қорғау, қолдау бағытында республикалық, облыстық деңгейде атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет ұсынылды.Әсіресе, ұжымдық шарттарды дұрыс рәсімдеу, қолданыстағы заңнамада көзделген мүмкіндіктер мен жеңілдіктерді тиісінше пайдалану, түрлі еңбек даулары барысында кәсіподақ органдарына жүгіну, кәсіподақ жетекшілерінің есептерін тыңдау, мекеме басшыларына заңды талаптары қоя білу сияқты пайдалы ақыл-кеңестер берілді.Жалпы, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысымен танысуға, қал-жағдайларын білуге, кәсіподақ мүшелерінің проблемалары мен ұсыныстарын тыңдауға бағытталған бұл шара Кәсіподақтар Федерациясының бастамасы болатын және мұндай кездесулер «Қызмет» салалық кәсіподағымен тұрақты түрде жүргізіліп келеді.




