Қазақстан Кәсіподақтары күнімен құттықтаймыз!

Қазақстан Кәсіподақтары күнімен құттықтаймыз!

10.10.2021 Off By Администрация сайта

Құрметті әріптестер!

«Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы» ҚБ Орталық Кеңесінің атынан және жеке өз атымнан Сіздерді кәсіби мерекелеріміз  –  Қазақстан Кәсіподақтары күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздерге белсенді өмір позицияңыз, еңбекшілердің әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау жөніндегі табысты қызметіңіз, әділеттілік, бірлік және ынтымақтастық қағидаттарына негізделген біздің кәсіподақ дәстүрлерімізді нығайтудыдағы қызметіңіз үшін өзімнің алғысымды білдіремін!

Мерекелеріңізбен, құрметті достар! Сіздердің әрқайсыңызға денсаулық пен бақыт, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Сіздердің еңбегіңіз әрқашан бағаланып, ал сіздің біліміңіз бен тәжірибеңіз Еліміздің игілігіне қызмет етсін!

Ізгі ниетпен,

«Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері жәнеқоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағының Төрағасы

Мирболат Жақыпов