Кәсіподақ мүшелерімен кездесу
17.07.20262026 жылы 17 шілдесі күні «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы С.Сүлеймен Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Круглоозерный арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ мүшелерімен кездесті.

Круглоозерный арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы бастауыш кәсіподақ ұйымы 221 кәсіподақ мүшесі бар үлкен ұйымдардың бірі. Кәсіподақ төрайымы, комитет мүшелері жұмыс берушімен бірігіп белсенді қызмет атқаруда. Кәсіподақ мүшелерінің қызметтегі еңбек қауіпсіздіктері сақталған.
Кәсіподақ мүшелерінен волейбол командасы құрылған, жарыстарға қатысып, жыл сайын жүлделі орындарға иеленіп отыр. Сонымен қатар кәсіподақ мүшелері ерікті болып түрлі шараларға қатысып отырады.

Кездесу барысында облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы С.Сүлеймен кәсіподақтар қозғалысы қызметкерлердің жұмыс орнындағы құқықтары мен еңбек қауіпсіздігінің сақталуына, лайықты еңбекақы мен әлеуметтік кепілдіктер алуын қамтамасыз ететініне, облыстық кәсіподақ ұйымы кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқығын қорғауда, олардың денсаулығын жақсартуда, еңбек заңнамасы талаптарының орындалуында жұмыстар жүргізіліп отырғанын айта отырып, кәсіподақ белсенділерін «Қызмет» облыстық кәсіподақ ұйымның «Құрмет» грамоталарымен марапаттады.

