Кәсіподақ көшбасшысы жұмысшылармен кездесті
08.07.2026«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімі аппаратының «Еңбекші» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барып, мекеменің басшысы Арызбек Абыдынұлы Каукешовтің және кәсіподақ комитетінің төрағасы Бақдаулет Табысұлы Әлішерінің қатысуымен ұжымның кәсіподақ мүшелерімен жұмыс орындарында кездесіп, олардың қалжағдайларымен танысты.
Басқосу жиынында филиал төрағасы Әуесханов Серік қатысушыларды «Астана күні» мерекесімен құттықтап, Шымкент қаласын таза ұстаудағы, көгалдандырудағы және қалалық жайлы ортаны қалыптастырудағы табысты еңбектері үшін, оларға салалық кәсіподақ атынан алғысын білдіріп, мекеменің белсенді жұмысшыларына «Еңбек озаты» төс белгілерін, «Құрмет грамоталарын» және «Алғыс хаттарын» табыстады.
Кездесу соңында ұжым басшысы Арызбек Каукешов «Қызмет» салалық кәсіподағына ризашылықтарын білдіріп, шынайы алғыстарын жеткізді.
Марапаттарыңыз құтты болсын жұмысшы мамандықтарының иелері!
Нағыз еңбек сіздердікі!
Сіздерге мың алғыс!







