Мерейлі сәт – бейнеттің зейнетін көріңіз!
03.06.2026Түркістан облысы Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекші маманы, мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Есбосынова Буажар Алметқызы 45 жылға жуық абыроймен қызмет атқарып, зейнеткерлікке шықты.
Үлкенге ілтипаттымен, кішіге қамқорлығымен, қатарластарына адал дос бола білген Буажар Алметқызы 1964 жылы Шымкент облысы Келес ауданы, Ғани Мұратбаев атындағы совхозда дүниеге келген. 1981 жылы Лесбек Жолдасов атындағы орта мектепті бітіріп, 1981-1983 жылдары Қарағанды аяқ киім фабрикасында жұмысшы болып істейді. 1984 -1989 жылдары Қарағанды мемлекеттік университетінің бітіріп, заңгер мамандығын алып шығады. 1990 жылдан бүгінгі күнге дейін Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бас маманы, жетекші маманы қызметтерін атқарып келді.
Әлеуметтік қамсыздандыру саласы тыным таппай, күндіз түні өзін, өмірін осы жұмысқа арнайтын жандардың орны. Себебі бұл мекемеде мемлекет қамқорлығын қажет ететін зейнеткерлер мен аз қамтамасыз етілген әлеуеті төмен, көпбалалы отбасы және мүмкіндігі шектеулі жандарға жүрек жылуын сыйлап, дер кезінде көмек көрсетуге әзір азаматтар жұмыс істейді.
Мемлекеттік жұмыспен қатар кәсіподақ ұйымының төрайымы қызметін қоса атқарған. Қызметкерлерімен бірге болу, оларды түсіне білу, кімде қуаныш, кімде қайғы-солардың жанынан табылу, қолдан келгенше қызметкерлерді марапаттау, сый сияпат жасау, ұжым болып бір сәт қасиетті жердерді аралап, демалыс ұйымдастыру, мерекелерде, жаңа жылда балаларға сыйлықтар ұйымдастыру мәселелері жақсы жолға қойылған, қызметкерлер арасында ауызбіршілікпен, бір ауыздан шешіледі. Бұлда Буажар Әлметқызының тынымсыз еңбегінің арқасы.
Буажар Әлметқызы, осынау қызығынан қиындығы көп жұмыста 45 жылға жуық еңбек өтілі болса, оның 36 жылын мемлекеттік қызмет саласында өткізді. Қажырлы еңбегі еленіп көптеген мемлекеттік және қоғамдық бірлестіктердің наградалармен марапатталған. 2015 жылы 30 тамызда « Қазақстан Республикасына 20 жыл» мерекелік медалімен, 2023 жылы Қазақстан кәсіподақтары күніне орай « Мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.
Ендігі сол еңбектің зейнетін көріп, ұл – қыздарыңыздың, немере – шөберелеріңіздің қызығына кенеліп, жүре беріңіз!

