
Кәсіподақ қозғалысын нығайтудағы еңбегі үшін марапаттар табысталды!
20.03.2025«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерінің салалық кәсіподағының Түркістан облысы Жетісай аудандық кәсіподақ ұйымының басшысы Сапаров Дәулет Ерубайұлы Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Психоневрологиялық ауытқуы бар тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған «Балдәурен күндіз болу орталығына арнайы келіп, қызметкерлерді Ұлыстың Ұлы күні «Наурыз» мерекесімен құттықтап, кәсіподақтар қозғалысын нығайтуда, адам құқығы мен оның әлеуметтік мүдделерін қорғаудағы еселі еңбегі үшін бірқатар қызметкерлерді Талипов Бахтиер Курбанұлын, Сабденова Анар Мустафақызын, Бегимкулова Гулнарал Хайбылқызын «Еңбек озаты » медалімен марапаттады.
Мекеменің дамуына үлес қосып жүрген сала мамандарының еңбегі әрқашан ескеріліп, бағаланатынын атап өтті. Марапат иелеріне отбасы амандығы мен шығармашылық табыс тілеп алғысын білдірді.
Мереке құтты болсын, құрметті әріптестер!
Әр шаңырақта бақыт пен қуаныш болсын!
Баршаңызға зор денсаулық пен амандық тілейміз!.