14  наурыз – Көрісу  күні  құтты  болсын!

14 наурыз – Көрісу күні құтты болсын!

14.03.2025 Off By Администрация сайта

Қазақ халқының дәстүрлі Наурыз мерекесінің алдындағы көрісу мерекесі жаңа сипатқа ие бола отырып, қайта жаңғыруда. Бүгін Оңтүстік өңірінде Ордабасы төрінде Түркістан облысы мен Шымкент қаласының жұртшылығы Көрісу мерекесін тойлады. Мерекеге Түркістан облысының кәсіподақтары атынан «Қызмет» салалық комитеттің төрайымы К.А. Есебаева және Шымкент қалалық кәсіподақтар орталығының төрағасы Б.І.Әлтеев қатысты.

Мерекенің жоғары деңгейде өтуіне «Қызмет» салалық кәсіподағының Түркістан облысы Ордабасы ауданының бастауыш кәсіподақ ұйымдары атсалысты.
Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағы нығая берсін!
Әр шаңырақта бақыт пен қуаныш болсын!
Баршаңызға зор денсаулық пен амандық тілейміз!.