«Қызмет» салалық кәсіподағының төрағасына Батыс Қазақстан облысының «Құрметті азаматы» атағы берілді

«Қызмет» салалық кәсіподағының төрағасына Батыс Қазақстан облысының «Құрметті азаматы» атағы берілді

14.03.2025 Off By Администрация сайта

Маңызды оқиғамен Мирболат Жақыповты «Қызмет» салалық кәсіподағының Орталық аппаратының қызметкерлері, сондай-ақ әріптестері – «Серпін» бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы В.В.  Абойымова, «Қызмет» салалық кәсіподағының тексеру комиссиясының төрайымы О.М.Капарова құттықтады.

Қатысушылардың әрқайсысы Мирболат Хабиұлына сөз арнап: «Осындай жоғары атақтың берілуі — Сіздің көп жылдық жемісті еңбегіңіздің, қызметіңіздегі жоғары жетістіктеріңіздің мойындалуы. Бұл атақ болашақ ұрпақтар мен барлық әріптестер үшін үлгі болып табылады», — деп атап өтті.

Құттықтай отырып, әріптестері өз көшбасшысына мықты денсаулық, бақыт пен амандық, жетістіктер мен жаңа табыстар, сондай-ақ қоғамның игілігі үшін алдағы жұмыстарына шабыт тіледі.