Батыс Қазақстан облысының «Құрметті азаматы» атағымен салтанатты марапаттау рәсімі өтті

Батыс Қазақстан облысының «Құрметті азаматы» атағымен салтанатты марапаттау рәсімі өтті

12.03.2025 Off By Администрация сайта

Бүгін БҚО мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы «Батыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы» №16-12 шешіміне сәйкес «Батыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағымен марапаттау рәсімі өтті.

Салтанатты табыс ету облыстық мәслихаттың кезектен тыс 17-ші сессиясы барысында өтті.

Құрметті атаққа ие болушылар қатарында – «Қызмет» салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Жақыпов, М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы Меруерт Өтекешова, Жоғарғы Кеңестің бұрынғы депутаты Табғали Сапаров болды.

«Құрметті азамат» атағын беру – азаматтардың сіңірген еңбегі мен көпжылғы жемісті қызметін көпшілік алдында мойындау екені сөзсіз.

Мирболат Жақыпов отыз жылға жуық уақыт бойы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде жұмыс істеді. Оның қатысуымен құжаттамалық жұмыстың заманауи нормативтік базасы құрылды, ол көптеген ғылыми, әдеби еңбектер мен басылымдардың авторы болып табылады. Жоғары мемлекеттік және халықаралық наградалар мен құрметті атақтарға ие, оның ішінде «Құрмет», «Парасат», «Достық» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін», «Астана», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» және т. б. медальдармен марапатталған.

Мирболат Жақыпов саналы ғұмырын халқына адал қызмет етуге арнаған тәжірибелі көшбасшы, маңдай алды тәлімгер. Жоғары марапат иегерлерін шын жүректен құттықтаймыз